Желіде белгісіз бот қазақстандықтардың жеке деректерін еркін таратуда

66

Сурет pixabay-дан алынған

Бұл бот кез келген адамның телефон нөмірін, мекен жайы мен жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып береді екен.

Деректерге сай, басында ақпаратты тегін тауып беретін бот артынша, жазылу үшін Ресей рублінде төлем жасауды сұрайды.

Ал еліміздің  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың жеке деректері түрлі әлеуметтік желідегі ақпараттар арқылы қолжетімді болатынын жеткізді. Яғни жеке мәліметтер адамның барлық онлайн платформаларынан қаралып, жинақталған.

“Қазіргі уақытта министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Telegram боттар тұрғылықты мекенжайлары бойынша ескі мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу желілерінде көрсетілуі мүмкін”, – деді министрлік.

https://stan.kz/zhelide-belgisiz-bot-kazakstandiktardin-zheke-derekteri-388593/

Leave A Reply

Your email address will not be published.