Мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол

152
Жаңатас қаласының тұрғыны, 3 топтағы мүгедек Елшібаев Ауесхан қайтарымсыз грант алғандардың бірі. Қалада тұрып-ақ сиыр өсірумен айналысу үшін ол мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қайтарымсыз қаржыға ие болды. Алған сауын сиырларының сүтінен сүт өнімдерін дайындайды.
Сондай-ақ, отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған, жаңатастық Перизат Изекеева да қайтарымсыз грант иегері. Сиыр өсіріп, сүт өнімдерін өндіруге ден қойған. Сүт өнімдерін Жаңатас қаласындағы базарға, дүкендерге өткізеді.
Кәсіп иелерінің шаруашылығын одан әрі дамытып, мал басын көбейту ойларында бар.
Бөдене құсын өсіру, жұмыртқасын өндіріп сату да табысты бизнеске айналып келеді. Жаңатас қаласының тұрғыны Асқарбаева Азиза бөдене құсын өсірумен айналысып жатыр. Ол осы жоба аясында 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант қаражатын алған. Бөдене жұмыртқасына тұрғындардан сұраныс көп. Шағын құстан мол пайда табуға болатындығына көз жеткізген Азиза алдағы уақытта құс басын көбейтіп, кәсіп аясын кеңейтпекші.
Сонымен қатар, жайылмалық Калиева Ақбота Бабақұлқызы және Қойшыбаева Нұргүл Төленқызы да сиыр өсіріп, шаруашылығын дамыту үшін 1380000 теңгеден қайтарымсыз грант ұтып алған көп балалы аналар.
Жайылмалық көп балалы аналар алған қаржыға әрқайсысы 4 сиырдан сатып алып, сиыр сүтінен құрт, май, ірімшік, айран сияқты табиғи тағамдар дайындап, өткеруде.
Мемлекеттің көмегіне ризашылығын білдіріп отырған көп балалы аналар шаруашылығын одан әрі дамытуға ниетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.