ЛГБТ мен әйелдер маршына қарсылық

649

Желтоқсаншылар ЛГБТ мен әйелдер маршына қарсылық танытып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Желтоқсаншылар Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына арналған монументтің алдына жиналған. Олар ЛГБТ мен әйелдер маршына наразы екендерін мәлімдеді.

Олар «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші қойылған алаңды адыраспанмен аластап шықты.

Осы алаңда 10 ақпан күні феминистік шеруге кедергі келтірмеуді талап еткен Ақторғын Ақкенжебаласының пикеті өткен. Осы себепке байланысты желтоқсаншылар алаңды аластауды жөн көрген.

«Бұл топ ЛГБТ-ға қарсы және осы жерді бізден тазартқысы келеді», — деді «Феминитаның» негізін қалаушы Жанар Секербаева тікелей эфирде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.