«Level UP» атты интеллектуалдық ойыны өтті

123

4 қараша күні жастар арасында қылмыстық алдын алу, қылмыс фактілеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Level UP» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Интеллектуалдық ойын «Kahoot» платформасында ұйымдастырылып, 2 іріктеу ойындарынан және 1 негізгі кезеңнен құралды. Іріктеу кезеңдерінде қатысушыларға аталмыш платформаға үйрену мақсатында дайындық кезеңдері ойнатылды. Негізгі кезеңде қатысушы студент жастарға ҚР Конституциясы, мемлекеттік құрылымы, билік тармақтары туралы қиындатылған сұрақтар қойылды.
Интеллектуалдық ойын жеңімпаздары:
1 орын – Лес Әділет;
2 орын – Сауранбаев Бектас;
3 орын – Әуесхан Ағарыс
«Үздік талпыныс» – Мадияр Елжан;
«Үздік талпыныс» – Әзізбекова Жалғас.

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өтті.
Мақсаты:
— Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
— Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
-Заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағыттау.
Өткізілген орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, кітапханалық-ақпараттық орталығы.
Қатысушылар: Студент жастар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.