«Күләш Ахметованың өлеңдері» атты кездесу

177

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Дарынды және шығармашыл жастарды қолдау және дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы щеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тараз қаласы аумағына орналасқан Қ.Рысқұлбеков атындағы «Желтоқсан» саябағында Күләш Ахметованың 75 жылдығына орай «Күләш Ахметованың өлеңдері» атты жастармен кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Шамуратов Мансұр Тохирұлы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төраға орынбасары, филолог Әбуғали Ерғали Рүстемұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілі, филолог Абылай Ғалия шақырылды. Кездесу қонақтары кездесу барысында Күләш Ахметованың өмір жолына және еңбектеріне тоқталып өтті. Онымен қатар өлеңдерін талдап, мағынасына үңіле кездесуге қатысушы жастарға өлеңдерінің терең мағыналы екендігін ұғындырды.   «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төраға орынбасары, филолог Әбуғали Ерғали Рүстемұлы жастарды Күләш Ахметованың 75 жылдымен құттықтап, Күләш Ахметова жайында қатысушы жастармен сұхбат құрып, кері байланыс орнатты. Қатысушылардың да арасында Күләш Ахметованың өлеңдерін білетіндерде табылып жатты. Кездесу соңында қатысушылар кездесу қонақтарына алғыстарын білдіріп естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.