«Қызымның атына сотқа шақырту жіберген»: Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің әкесі сот отырысына қатыса алмай жүргенін айтты

52

Айдос Мелдехан

Істі қаладағы Әскери сот қарап жатыр. Сот отырысы жабық режимде өтуде. Сонымен қатар мемлекеттік құпия деректер болғандықтан Айкөркемнің әкесі тыңдалымға қатысуға рұқсат ала алмаған.

«Бүгін үшінші сот отырысы өтіп жатыр. Бірақ мені қатыстырмады, нақты себебін де түсіндірмеді. Оның үстіне Айкөркемнің атына сотқа шақырту жіберіпті. Сот төрағасынан бұл әрекеттері үшін кешірім сұрауды талап еттім», – дейді Айдос Мелдехан.

Айкөркемнің өліміне қатысты әскери қызметкер күдікті деп танылған. Бірақ Айдос Мелдехан балаларына оқ жаудырған әскерилердің куәгер ретінде жауап бергеніне қапалы.

«Нағыз кінәлілер сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр. Ал бұйрық берген әскери қызметкер кінәлі деп танылды. Менің өзімді де сотқа кіргізбей қойды. Тек кәмелетке толған ұлым Бауыржан жәбірленуші ретінде қатысады. 7 рет оқ тиген қызым Жанель екеуміз шет қалдық. Қазір бұл істе ешқандай өзгеріс жоқ», – деп қосты ол.

Айдос Мелдехан өз сөзінде сот процесі мен тергеу нәижесіне көңілі толмайтынын жеткізді. Ал Бауыржан Мелдехан соттың жабық режимде өтуіне байланысты ешқандай деректермен бөлісе алмайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, 4 жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Балалардың әкесі бұған дейін көліктен әскери оқ тапқанын хабарлаған.https://stan.kz/kizimnin-atina-sotka-shakirtu-zhibergen-kantarda-okka-y-386656/

Leave A Reply

Your email address will not be published.