Қазақстанда енді қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелері төлемақы алатын болады

59

Фото: kurk.kz 

“Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман қорын күзету және қорғау қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін”, — делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, ақшалай төлем қызметтік міндеттерін атқару көз жұмған қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

Қызметкердің отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы); кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін 23 жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.

Ақшалай төлем отбасының әрбір мүшесіне қаза тапқан орманшының соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде беріледі.

Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.

Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың жүз пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде ақшалай төлемдердің мөлшері оны алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.https://stan.kz/kazakstanda-endi-kaza-tapkan-ormanshilardin-otbasi-mush-386655/

Leave A Reply

Your email address will not be published.