Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

50

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

«Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.