Қызылордада үш баласы, күйеуі бар әйел ақша үшін бойдақ жігітке тұрмысқа шыққан

179

Ақша таппақ болған қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап, тұрмысқа шықты.

Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра келіншек ақша үшін тұрмысқа шыққан. Қалыңмал алған соң түрлі сылтау айтып, қашып кеткен. 23 жастағы айлакер әйел алаяқтықты абысынымен бірігіп іске асырған. Білетіндер «бұл бірінші жағдай емес. Екі әйел мұны кәсіп қылып алған» дейді. Аңқау бойдақ жігіттерді ақша үшін алдап соғатындар көп көрінеді.

Бұл фактіге қатысты полицияға арыз-шағым түспеген.

«Қызылорда облысы Полиция департаментіне аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген» делінген ПД-нің ресми хабарламасында.

AstanaTV

Leave A Reply

Your email address will not be published.