Ким Чен Ын КХДР-дің АҚШ-пен әскери қақтығысқа толық дайын екенін мәлімдеді

207

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Корей соғысының (1950-1953) аяқталғанына 69 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде елдің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін айтты, — деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея армиясы КХДР-ға шабуыл жасау әрекеті болған жағдайда «жойылатынын» атап өтті.

«Егер Оңтүстік Корея режимі мен әскери содырлары бізбен әскери қақтығыс туралы ойласа және олар біздің әскери күшіміздің бір бөлігін алдын ала белгілі бір әскери құралдар немесе әдістер негізінде бейтараптандыруға немесе жоюға болатынына сенсе, олар қателеседі», — деді Ким Чен Ын.

halyq-uni.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.