Қызылордада жасөспірімді пышақтаған колледж студенті ұсталды

63

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қазанда сағат 13:30 шамасында Титов қыстағы «Өркениет» оқу орталығының маңайында колледж студенттерінің арасында жанжал болып, салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 17 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

«Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың өмірі мен тағдыры үшін жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар! Сол себепті оларды өз беттерінше қалдырмай, оқудан тыс бос уақыттарын қадағалауды сұраймыз! Бірлесіп атқарған жұмыстар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізетініне сенеміз», – деді полиция қызметкерлері.

 

https://turkystan.kz/article/235290-yzylordada-zhas-spirimdi-pysha-ta-an-kolledzh-studenti-staldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.