Қызылордада жантүршігерлік жол апаты болып, 2 адам қаза тапты

55

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімет бойынша, бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда – Жалағаш тасжолында, Жалағаш ауданы Ақсу ауылының маңында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болған.

Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жатыр.https://turkystan.kz/article/230173-kyzylordada-zhanturshigerlik-zhol-apaty-bolyp-2-adam-kaza-tapty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.