Қызылордада ән салған Ерке Есмаханды халық таптап кете жаздады

525

Құрылысшылар күніне орай Қызылордада ән салған Ерке Есмахан қалың көпшіліктің ортасында қысылып, тапталып қала жаздады. Қаумалаған халық әншіні қоршап алып, ән айтуға кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Ерке Есмахан сынды бірқатар эстрада жұлдыздары Қызылорда халқына арнап тегін концерт қойды. Алдын ала болжам бойынша, кешке 40 мың адам келген. Жанды дауыста өткен концерт кезінде халық ән тыңдап қана қоймай, әншілермен суретке де түсіп үлгерді. Алайда бұл жағдай Ерке Есмаханға кедергі келтірді.

Қаумалаған халықтың ортасында қалған ол әнінің сөзін ұмытып, құлап қала жаздады.

«Мәссаған, мен жаңа әнімнің сөзін ұмытып қалдым ғой. Өзімді естімедім. Сіздер маған кедергі жасап жатсыздар. Өтініш, ән айтайыншы. Мені келесі жолы концертке емес, суретке түсу үшін шақырасыздар-ау деймін. Халық мені сүйреп, тартып, қысып жақсы көреді ғой», — деді Ерке Есмахан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.