Қызылорда облысында блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде Жаңақорған ауданында блогердің ұсталғаны жөнінде ақпараттар жарияланды.
Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған оқиға бойынша Қызылорда облысы Полиция департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», — деп жазылған департамент хабарламасында.