Қызылорда облысында 2,7 млн теңге жымқырған есепші сотталды

113

Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасымен «Бөген» ауылдық  клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен клуб есепшісі 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденіп алу арқылы жымқырғаны анықталды.

Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.