Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

553

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен  «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» атты онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы қатысты.

Кездесу барысында қыз бала әдептіліктің, сұлулықтың жаршысы екендігі туралы сөз қозғалды. Қазақ қызы- болашақ ана шаңырақтың берекесі, сол үшінде қыз баласының алар орны ерекше, тәрбиелі қыз өсіру — елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Осы ойды қыздарға сіңіруді мақсат еткен ұстаз Аманбаев Ержан қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын, және де соны сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы қыз болуын сөз етті. Алдағы уақытта осы сыңды кездесулер жиі ұйымдастырылу жоспарлануда.

«Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. Қазіргі қоғамда қыз баласы туылса, көңіл бөлмей жататын отбасыларды кездестіріп жатамыз. Алайда қыз баласы туылғанда – ренжу, анасын айыптау үлкен қате. Қазақ қоғамында басты байлық – адам болса, ақылды да иманды, парасатты қыздар – ең құнды қазына.

Кездесу қонағы Аманбаев Ержан Маханұлы «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен кездесуді қортындылып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.