Қытайдың жаңа қаласы Қазақстанның іргесінде бой көтерді

235

Қытай Қазақстанның іргесінде ресми түрде жаңа қала бой көтергенін жария етті, деп хабарлайды 08info.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Қытай үкіметінің бекітуімен 2023 жылдың 20 қаңтарында Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Тарбағатай аймағының аумағынан Байян қаласы (白杨市 — қазақша атауы Теректі) құрылды. Қала орталығы – Шәуешек қаласы мен Бақты өткізу пунктінің аралығындағы Ақшоқы кенті белгіленді. Бұл туралы қытайлық БАҚ жазып жатыр.

Қала Шынжаң өндіріс-құрылыс корпусының 9-шы дивизиясының құрамынан құрылды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.