Жамбыл облысы аумағында есеп беру жылында халықтың бруцеллезге шалдығу деңгейі біршама төмендеген. Дегенмен соңғы жылдары эпидемиялық жағдай күрделі күйде. Індеттің 100 мың тұрғынға шаққандағы облыстық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен үнемі 2-3 есеге жоғары.
2023 жылы облыс бойынша халықтың бруцеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 7,5 құрап (92 жағдай), 2022 жылмен салыстырғанда (103 жағдай көрсеткіші – 8,9) 15,7 төмендеген, бірақ індеттің орташа облыстық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары. Мониторинг жүргізу барысында індетке шалдыққан науқастардың 88% жағдайы малды күтіп бағу немесе сою кезінде жұқтырған, 12% жағдайда індет көзі анықталмаған.
Бруцеллез – адамға малдан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарында. Індетке шалдыққан науқас уақытылы ем қабылдамаса, мүгедек болып қалуы ықтимал.
Есеп беру жылында Тараз қаласы бойынша індеттің 9 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 2,0, 2022 жылы – 8 жағдай тіркеліп, көрсеткіші 2,2 құраған.
Осы орайда, облыс аумағында қолайсыздықты ескере отырып, тұрғындардан қауіпсіздікке қырағылық танытуды сұраймыз.