Қырағылық танытуды сұраймыз

77
Жамбыл облысы аумағында есеп беру жылында халықтың бруцеллезге шалдығу деңгейі біршама төмендеген. Дегенмен соңғы жылдары эпидемиялық жағдай күрделі күйде. Індеттің 100 мың тұрғынға шаққандағы облыстық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен үнемі 2-3 есеге жоғары.
2023 жылы облыс бойынша халықтың бруцеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 7,5 құрап (92 жағдай), 2022 жылмен салыстырғанда (103 жағдай көрсеткіші – 8,9) 15,7 төмендеген, бірақ індеттің орташа облыстық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары. Мониторинг жүргізу барысында індетке шалдыққан науқастардың 88% жағдайы малды күтіп бағу немесе сою кезінде жұқтырған, 12% жағдайда індет көзі анықталмаған.
❗️Бруцеллез – адамға малдан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарында. Індетке шалдыққан науқас уақытылы ем қабылдамаса, мүгедек болып қалуы ықтимал.
Есеп беру жылында Тараз қаласы бойынша індеттің 9 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 2,0, 2022 жылы – 8 жағдай тіркеліп, көрсеткіші 2,2 құраған.
Осы орайда, облыс аумағында қолайсыздықты ескере отырып, тұрғындардан қауіпсіздікке қырағылық танытуды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.