2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.
Осыған орай, Жамбыл облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін облыстың барлық елді мекендерінде қалдықтарды бөлек жинау қағидаты бойынша рейдтер жүргізді. Рейд барысында құтқарушылар тұрғындарға пластиктің табиғатқа қауіпі туралы түсіндіріп, жадынамалар таратты.