ҚҰРМЕТТІ РАХИЯ СЕЙТБЕКҚЫЗЫ!!

68
Бүгінгі Ел Президентінің атынан алған «ҚҰРМЕТ» орденіңіз құтты болсын!!
Сіз өнегелі өміріңізде өзіммен үзеңгілес боп, сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет боларлық игі қасиеттер мен тілдер патшалығын үкілеп келе жатқан жансыз.
Өңірімізде өзіңіз талай жылдар атаулы деген басқармалардың тізгінін ұстап келдіңіз. Қазір де облыстық тілдерді дамыту басқармасында ең жауапты да маңызды саланы дөңгелетіп отырсыз. Жамбыл облысының мықты қайраткері ретінде өңір абыройын асқақтатуда еңбегіңіз орасан зор.
Қай саланы басқарсаңыз да әрбір іске ыстық ықыласыңыз, аянбай еткен ерен еңбегіңіз – бұл да бір сіздің қажырлығыңыз бен қайраттылығыңыздың жемісі! Тіл және мәдениетті сақтауға бағытталған жұмыстарыңыз ұрпақтар сабақтастығына жалғассын!
Алдағы уақытта да жақындарыңызға амандық, өзіңізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, еңбекте жеміс пен жеңіс, шығармашылық табыстар тілеймін.
Береке мен бірлікті тал бесігінде тербеткен өлкеміздің іргесі аман, ел іші тыныш болсын!

 

Мубарак Жинакбаева

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.