Құрбан айт мерекесінің арнайы талаптарға сай өтілуі қадағалануда

290

Облыс аумағында Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптарға сәйкес өтілуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығы өңірдегі құрбандық шалу орындары мен мешіттерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Шараға облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев және Басқарма мен Орталықтың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында «Qurban2020.kz» арнайы сайты бойынша жұмыс жасайтын Тараз қаласындағы қасапханалардағы карантиндік шаралар мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қадағаланды.
Сонымен қатар, мейірімге толы мейрамда Басқарма мен дін проблемаларын зерттеу орталығының ұжымы да айтулы шараға өз үлесін қосып, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға арнап арнайы ірі қара малды құрбандыққа шалды. Айта кетерлігі, қаламызда 2 қасапхана санитарлық талаптарды қатаң сақтап онлайн түрде құрбан малдарын шалып жатса, бұл жұмыстар облысымыздағы аудан орталықтарында да жергілікті әкімдіктердің көмегімен белгіленген арнайы мал сою алаңдарында жүзеге асырылуда.

Мал еттерін қажетті мекенжайға жеткізуді облыс волонтерлары және белсенді жастар қолға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.