Димаш Президенттің тазысы мен тұлпарының жанында түскен бірегей кадрларымен бөлісті

26

Бүгін Қазақ тазысы күніне орай Димаш Құдайберген бұған дейін көпшілікке көрсетілмеген ерекше кадрларымен бөлісті.

Суреттердің бірінде өнер иесі Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз есімді тазыларымен бірге бейнеленген.

Ал келесі фотода Димаш Президенттің тұлпарына мініп отыр. Бұл тұлпар – баршаға сүйікті Ақжанның әкесі.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын еске салды. Әнші оған «Ғарышкер» деген есім берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.