Ең үздік биатлоншы онлайн анықталды

130

Қазіргі таңда жастар «Жайдарман» ойындарының негізгі аудиториясын құрайды. Сәйкесінше бұл фактор жергілікті жердегі көңілді тапқырлар клубының өзара бәсекелестігіне ықпал етіп, өнерімен дараланғандар жастар арасында танымалдылыққа ие болып жатады. Жастардың аңсары ауатын көңілді тапқырлар сайысын карантин жағдайында да еш кедергісіз жалғастыруда облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жайдарлы» жастар КВН лигасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Онлайн биатлон» сайыс ұйымдастырылды.

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуға ниетті әзілкештердің өнерін әлеуметтік желі қолданушыларымен бірге   Файзулла Сағымбаев, Аят Төлепберген сынды жайдарманшылар және «Жайдарлы» жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ханмырза Бакирамов бағалады.

16 үміткер қатысқан сайыс шынында тартысты деңгейде өтті. Ұтымды әзіл, тапқыр сөзімен дараланғысы келген өнерлі жастар арасында «Мәдениет жігіттері» КВН командасының ойыншысы Самат Кеңесбаев қара үзіп шығып, «Үздік Online Биатлоншы» атағына ие болды.

 Жастардың өнерін бағалаумен бірге күшейтілген карантин жағдайында үйде отырған мыңдаған әлеуметтік желі қолданушыларына көтеріңкі көңіл сыйлаған сайыс расында көпшілік тарапынан оң бағасын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.