Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.
Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды.
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов және Педагог-психолог Э.Нұржігітқызы, Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі А.Алметовпен кездесу өткізілді.
Жиында қаралған өзекті мәселердің бірі білім алушылардың арасындағы зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу мақсатында: Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу; колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;
Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу.