Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

100
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралар, жүргізілген мониторинг барысы және сыртқы талдаулардың қорытындысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров баяндама жасады.
Ербол Қарашөкеев басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі талдауды сапалы жүргізіп, анықталған тәуекелдерді уақытылы жоюды тапсырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Басқосу барысында жол-көлік оқиғаларының  алдын алу, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мажикенов ағымдағы жылдың 3 айында жол-көлік оқиғалырының артқанын жеткізді. Талдау көрсеткендей, елді мекендердегі жергілікті маңызы бар және көше жол желісінде жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде.
Өз кезегінде облыс әкімі полицияның материалдық-техникалық базасы нығайғанына қарамастан, жол көлік оқиғаларының көрсеткіші артып келе жатқанын атап өтті. Ішкі істер органдары тарапынан жұмыстардың тиісті дәрежеде жүргізілмейтіндігіне назар аудартқан Ербол Қарашөкеев аталған мәселенің алдын алу мақсатында жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерге жіті зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.