Криштиану Роналду 5 жасар қызымен түскен фотосын жариялады

164

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде отбасына қатысты сирек суреттерінің бірін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

5 жастағы қыздың аты-жөні – Алана Мартин.

«Туған күніңмен, менің махаббатым» деп жазды спортшы жеке блогында.

Криштиану Роналду 5 жасар қызымен түскен фотосын жариялады

Айта кетейік, Алана Мартинді 2017 жылы футболшының сүйіктісі Джорджина Родригес дүниеге әкелген. Ерлі-зайыптылар алты жыл бойы жақын қарым-қатынаста болды. Спортшы оған үйленуге де ұсыныс жасаған. Бірақ олар әлі күнге дейін ресми түрде отау құрмаған.

2022 жылы «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы мен оның қалыңдығы егіз баланы күтіп жүргені белгілі болды. Бірақ 18 сәуірде Роналду өзінің жеке блогында жаңа туған балаларының бірінің қайтыс болғаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, ұлы шетінеп кеткен, ал қыз бала аман қалған. Өкінішке қарай, дәрігерлер қанша тырысқанымен сәбиді аман алып қала алмаған. Ерлі-зайыптылар екінші қыздарына Белла Эсмеральда деп ат қойған.

Еске салайық, футболшының 2010 жылы дүниеге келген Кіші Криштиану есімді ұлы бар. Ал 2017 жылы суррогат ана Ева мен Матео есімді егіздерді дүниеге әкелген.

https://turkystan.kz/article/203830-krishtianu-ronaldu-5-zhasar-kyzymen-tusken-fotosyn-zhariyalady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.