ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ

125
Түркістан ауылдық округі қысы қатал, қары қалың, боранды-дауылды аймақ. Халық аузында «Көсегенің Көк Жоны» деп аталып кеткен аймақтың  жазы жайсаң, табиғаты керемет,  жаздың ми қайнатар шілдесінде азаны мен кешінде адамды жаурататын самал желі бар, салқын саялы мекен.

Ауылдық округке әкім боп ел тізгінін ұстағалы екінші қысты өткізгелі отырған Шортанбаев Ахан Амангелдіұлы әп деп қар жауса, Арыстанды мен Үшбасқа қатынайтын автокөлік жолдарының бойында аттың белуарынан келіп өскен жусан мен дерменені, қурай мен атқұлақты арнайы грейдер теникасымен қырғызып, тазалатты.

Осы автокөлік жолдарының бойларын артық шөптен қырғызып, тазалатудың өзі қараша мен желтоқсанның алғашқы борандары мен жолды басатын қасат қарларына төтеп беретін амал деп түсінген жөн.

Бимбетов Совет Зұлбұхарұлы. Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғыны. Сарысу ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.