ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Жамбыл облысында қоғамдық қабылдау өткізді

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

672

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Жамбыл облысына сапары барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында азаматтар әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдар жолдады. Олардың қатарында моноқала статусы бар Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларына барған жас мамандар да «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен ауылға кеткен жас мамандар секілді жеңілдіктерге ие болса, Сарысу ауданы елді мекендерін газдандыру, сондай-ақ Тараз қаласында кәріздік тазарту имараттарын салу сынды мәселелер көтерілді. Нұрлан Зайроллаұлы бұл сауалдарды назарға алатынын айтып, шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.