Көздің түсі мен алкоголизм арасында қандай байланыс бар?

132

2015 жылы Вермонт университетінің зерттеушілері адамның көзінің түсі мен алкогольге тәуелділік арасында тікелей байланыс барын анықтаған зерттеу жүргізді. Ғалымдар ерекше жаңалықтарын American Journal of Medical Genetics журналында жариялады.

«Біздің зерттеуіміз пациенттің алкогольге тәуелділігін диагностикалау үшін оның көзінің түсін пайдаланудың мүмкіндігін ұсынады», – дейді ғылыми жұмыстың авторы Арвис Суловари.

Зерттеуге 1 263 ерікті қатысқан. Жұмыс барысында олардың жасы, жынысы, генетикасы ескеріледі. Нәтижесінде ғалымдар көздерінің түсі қою адамдарға қарағанда ашық көзді адамдардың алкогольге тәуелділік деңгейі жоғары екенін білді.

Белгілі болғандай, біздің көзіміздің түсіне жауап беретін гендер адамның алкогольге тәуелділігін бақылайтын гендермен бір хромосомада орналасады. Ғалымдар бір ғана көрсеткіштің екіншісіне тікелей тәуелділігін таба алды. Жаңалықтың ашылғанына қарамастан, зерттеушілерді алкоголизмнің табиғаты және адамды осы тәуелділікке әкелетін факторлар туралы көптеген сұрақ алаңдатты.

Бұл көздің түсі мен алкоголизмді байланыстырудағы алғашқы зерттеу емес. Мысалы, 2000 жылы зерттеу көрсеткендей, қара көзді әйелдер айына орта есеппен 4,91 алкогольді ішімдік ішкен, ал көк көзді әйелдер сол уақытта 5,78 алкогольді ішімдік тұтынған.

https://turkystan.kz/article/226270-kozdin-tusi-men-alkogolizm-arasynda-kanday-baylanys-bar/

Leave A Reply

Your email address will not be published.