Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

122

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Мойынқұм ауданынан келген Гүлжахан Рысқұлова Айдарлы ауданына Мәдениет үйін салу, байзақтық Бағлан Укеева бизнес-идеяларын іске асыруға арналған грантқа қол жеткізу мәселелерін шешіп беруді сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар қайырымдылық көмек көрсету, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.