Қойшы мен мыңнан астам мал тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

241

Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан бес шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағындағы мал ұстайтын екі қабатты ғимараттан өрт шыққан. Хабарлама 101-ге 31 қаңтарда сағат 7.15-те түскен.

Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал ұсталса, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі аралық 40 шақырым болады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Салдарынан 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті. Оқиға орнынан шопанның денесі табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.

 ҚР ТЖМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.