KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары айналымға шықты

127
KÓSHPENDI SADAǴY коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана.
Монета реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал, жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген. Аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл – қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан.
✅Монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады. Сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша жарияланады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.