Қордайлық балдырғандардың қолөнері көрмеге қойылды

422

Бүгін Қордай ауылының орталық саябағында «Әлем – балалар көзімен» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер көрмесі өтті. Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада балалардың қолымен жасаған қолөнер бұйымдары және түрлі тәтті тағамдары көпшілік назарына ұсынылды. Оларды қолдап, сәттілік тілеу үшін көрмеге аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов келіп, сөз сөйледі.
Балалар мүмкіндігі шекетулі екеніне қарамастан өнерге деген қабілетінің жоғары екенін көрсете білді. Жалпы көрменің мақсаты балаларға қолдау көрсету. Олардың маңдай тер еңбегі, төл өнерлерін жұртшылыққа паш етіп, қоғаммен байланысын арттыру болды. Іс-шарада санитарлық талаптар сақталғанын атап өту керек. Көрме барысында аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.