КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҚҚАН ӨРТ ШҰҒЫЛ СӨНДІРІЛДІ

100
Бүгін күндізгі сағат 14:10-да Төтенше жағдайлар департаментінің жедел орталығына Қонаев даңғылындағы «Биік» тұрғын үй кешеніндегі №91 үйдің 49- пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерден 2 адам құтқарылып, 50 адам қауіпсіз эвакуацияланды. Ал аяғын шығарып алған мүгедектіктігі бар көрші әйелге жедел жәрдем мамандары көмек көрсетті.
Сағат 14:48-де ас үй мен лоджиядан шыққан қызыл жалын толық өшірілді. Өртті сөндіруге департаменттің 79 қызметкері 14 техникасы және Апаттар-медициналық орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Қазір өрттің себебі анықталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.