КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

120
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары және тиісті сала қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жоспардың орындалу барысы, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына сәйкес айыппұлдар салу, өндіру туралы» мәселеге байланысты Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қ. Алдабергенов және Түркістан ауылдық округінің әкімі А. Шортанбаев хабарлама жасады.
Хабарламашылар ауылдық округтердегі тұрғындардың өмір қауіпсіздігін сақтау және әртүрлі құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлерімен бірлесе отырып, әр бағытта атқарған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, құқық бұзушылықты болдырмау туралы ауыл тұрғындарына мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға, үлкен автокөлік жолының бойы мен әлеуметтік нысандар орналасқан негізгі көшелерге бейнебақылау камералары орнатылған. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарын бұзған азаматтарға тиісті хаттамалар толтырылып, ескертулер берілген, айыппұлдар салынған. Ішкі істер бөлімінде есепте тұратын азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту жолға қойылған. Биылғы жылы ауылдық округтерде қылмыс тіркелмеген.
Күн тәртібіндегі «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жоспардың орындалу барысы, пробация қызметінің адамдарын жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» екінші мәселеге байланысты «Мансап» орталығы аудандық филиалының директоры Д. Борсықов баяндады.
2023 жылдың 1 қазанына пробация қызметінде 66 адам есепте тұр. Жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 38 адам тартылған. Сарысу ауданы әкімінің қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 4 адамға квота белгіленген. Бұл бойынша «Казфосфат ТКӨК» ЖШС-не 2 адам, «Жаңатас Су-жылу» КМК-на 2 адам жұмысқа орналасып, жоспар толық орындалған. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы құқық бұзушылықты болдырмау, олардың алдын алу бойынша жұмысты одан әрі жандандыру керектігін айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.