ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП, ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛДІ

126
Биыл ауданның жол құрылыс саласына 639,3 млн. теңге бөлініп, 11 жол жөндеу жобалары қолға алынған болатын.
Атап айтқанда, 1 жоба, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша Шағалалы ауылына кіре-беріс аудандық маңызы бар 9,2 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 10 жоба бойынша Саудакент, Жаңаталап, Ұйым, Жайылма, Тоғызкент, Игілік ауылдарындағы ішкі жолдарға асфальтбетон төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, көлік қозғалысына берілді.
Сонымен қатар, қосымша Қаратас ауылындағы 1,5 шақырым Қаратас көшесін орта жөндеуге 53 302,0 мың теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда мердігер анықталды.
Айта кету керек, аудандағы барлық автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі 535,47 шақырым. Оның ішінде, облыстық мәндегі жолдар 281,8, аудандық мәндегі жолдар 64,87, елді мекендердің көшелері 188,8 шақырымды құрайды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.