«Қолына пышақ ұстап жүріп «мен оны өлтіріп қойдым ба?» деді»: Куәгер Бишімбаев болған оқиғадан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты

573

Фото: Видеодан алынған скрин

Оның айтуынша, Бишімбаев жуынатын бөлмеге пышағын ұстап кіріп кеткен.

«Сағат 19.00-ге таяп қалғанда Байжанов (Бақытжан, екінші сотталушы) телефон соғып, БАУ-ға көтеріл деп айтты. Бірақ себебін ашып айтпады. Ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері болды. Қуандықтың (Бишімбаев) қолында пышақ бар екен. Бәріміз қорқып кеттік. Ол дереу пышағымен әжетханаға кіріп кетті. Соңынан біз де кіріп, пышағын тартып алдық. 15-20 минуттан соң полиция келді. Ол жылап “бұл не болды, неге олай істедім?» деді. Мас күйінде болды», — деді куәгер.

Оның айтуынша, № 1 VIP кабинада жедел жәрдем фельдшерлері жұмыс істеген. Бармен ол кезде Бишімбаев және Байжановпен бірге мейрамхананың ортақ бөлмесінде болған.

«Бишімбаев көзіне жас алды. «Неге бұлай болды? Неге олай істедім?» – деп айтты. Сосын ғана кісі өлтіру болғанын білдім. Қарсылық көрсетпеді, пышақты берді. Ол мас күйінде болды», – деді куәгер.

Прокурор Айжан Аймағанова куәгердің бұдан бұрын сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген айғақтарын келтірді.

«Біз одан пышақты алып қойған соң, ол ас үйге кіріп, тағы бір пышақты алмақшы болды. Полиция қызметкерлері келгенде, Нүкенованың денесі кабинада жатқанын білдім. Бишімбаев әйелін өлтіріп, оның кабинада жатқанын айтты. Сол үшін ол да өзін-өзі өлтіргісі келген болуы мүмкін», — деді прокурор барменнің куәлігін.

Куәгер оөзінің бұрынғы айғақтарымен келісетінін жеткізді.

«Ол: «Мен оны өлтірдім бе?» «Мен өлтірдім бе?» деп айтты», — деді бармен.

Мейрамхана қызметкерінің айтуынша, бұған дейін Бишімбаев пен оның әйелі арасында қатты жанжал болған.

«20 қазанда мейрамханаға Бишімбаев, Нүкенова және оның екі құрбысы келді. Олар 6-7 бөтелке шарап ішті. Құрбылары кеткен соң, Бишімбаев пен Нүкенова бірінші стендке барып, шарапқа тапсырыс берді. Сол жерде жанжал басталып, айғай мен балағат сөздер айтылды. Байжановқа телефон соғып, бұл жайтты айттым. Байжанов стендке кіріп, жағдайды тексеруді өтінді. Ішке кіріп қарасам, біраз ыдыстар сынған екен. Маған көбірек шарап әкелуімді өтінді. Ал кейінірек мұзға тапсырыс берді. Мұзды әкелгенде, Салтанаттың бетінен көгерген іздерді көрдім. Бишімбаевтың да беті көгерген. Таңертең олар мас болып шығып, аяғынан әрең тұрып, кетіп қалды», – деді куәгер.

https://st/an.kz/kolina-pishak-ystap-zhurip-nege-bylay-istedim-dedi—bi-397650

Leave A Reply

Your email address will not be published.