Қол күрестен Әлем чемпионы атанды

473
14-23 қазан аралығында Түркияның Анталья қаласында пара-армрестлингтен Әлем чемпионаты байрағын көтерді.
Әлемнің 56-ы елінің спортшылары қатысқан жарыста Жаңатас қаласындағы №26 спорт мектебінің спортшысы Сандуғаш Сейдіш оң қол, сол қол күресі бойынша үздік өнер көрсетіп, еліміздің әнұранын асқақтатты.
Сандуғаш Аймұратқызы спорт саласындағы жетістігін дзюдодан бастаған, кейін алған жарақаты салдарынан қол күресіне бет бұрған болатын.
Тыңғылықты еңбектің арқасында аудан абыройын ғана емес, еліміздің еңсесін биікке көтерген әлем чемпионы әлі талай жарыстарда топ жарады деген сенімдеміз.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.