Қоғамдық көліктердің саны көбеюде

862

Қалада қоғамдық көлік мәселесі қашанда зор сұранысқа ие. Тұрғындар тарапынан да жиі көтерілетін сауалдардың көпшілігі осыған байланысты. Осыған орай қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында №19 маршрут бағыты «Шалғай Қарасу» алқабына, №55 және №28 бағыттары «Ұлы Дала» (15) ықшамауданына, №12 және №34 бағыттар «Родничок», «Қайнар» алқаптарына дейін созылды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан жиі наразылықтар туындаған «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптарына қызмет көрсететін №54 бағыттың кесте саны 5-ке дейін көбейтіліп жүру аралығы 20 минутқа қысқартылса, қосымша 3 кестемен «Құмшағал», «Көлтоған» алқаптары – Темір жол вокзалы бағытында қызмет көрсетуді бастады. Сондай-ақ «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 наурыздан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүруге қолжетімділікті қамтамасыз етуде.  Бұдан бөлек ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Smart City Servise» ЖШС қызмет көрсетіп отырған №9 маршрут бағыты тұрғындар сұранысына байланысты «Арай», 1 маусымнан бастап «Шаңырақ» алқабына дейін созылды. Тағы бір айта кетерлігі, жолаушы бағыттарын ашу аясында «Саяхат-99» ЖШС тарапынан №20 бағытқа,  «ТаразТрансМоторс» ЖШС тарапынан №10 бағытқа, «Smart City Servise» ЖШС тарапынан №56 бағытқа қызмет көрсету басталыпты. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала аумағына 36 дана аялдама орнату үшін қала бюджет есебінен 95,2 миллион теңге қаржы қаралған. Бұған қоса 9 бірлік жарық диодты таблоларды орнату жұмыстарына бюджет есебінен 17 миллион теңге қаржы қаралып жеңімпаз мердігер «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС тарапынан монтаждау жұмыстары тәмамдалды.

Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстарына келсек, бұл  бойынша ағымдағы жылы 38 бірлік жаңа автобустар жеткізілген. Атап айтқанда, «Автобус паркі-2020» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 20,  «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 3 бірлік «ПАЗ» маркалы 5, «Smart City Servise» ЖШС-мен «Golden Dragon» маркалы 10 бірлік автобустар әкелінді. Сонымен қатар, «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан кемінде 10 бірлік Yutong маркалы автобустарды қыркүйек айында жеткізу қолға алынса, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жыл аяғына дейін қосымша 15 бірлік автобус жеткізу жоспарда бар.Сондай-ақ «Smart City Servise» ЖШС-мен 60 бірлік автобус жеткізуге қатысты меморандум жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.