ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН ЕСЕПШІ

121
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екіншi қолымен әлемді тербетеді”,-деп бекер айтылмаса керек. Отбасы мен қызметті қатар алып, көпке үлгі болып жүрген әйелдер біздің елімізде де баршылық.
Солардың бірі — Талас ауданы білім бөлімінің есепшісі Бейсембаева Лаззат Кемелбекқызы-мерейлі 60 жасқа толды.
Туған күн иесін құттықтау шарасында еселі еңбегімен үлгілі атанған жанның аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өттім.
Жаңа жасымен құттықтап, Қаратау қаласының 60 жылдығына арналған медальін табыстадым.
Бейсембаева Лаззат Кемелбекқызы- 1993 жылдан бастап білім бөлімінде есепші болып жұмыс істеген. 30 жыл бір салада еңбек еткен жанның көпке үлгі болар тұсы көп.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ол қызметте көпке үлгі-өнеге болуымен қатар, отбасының да ұйытқысы.
Қос қуаныш қатар келіп, туған күнімен есепшілер күніне орай Лаззат Кемелбекқызын құттықтап, гүл шоқтарын тарту етіп, ізгі ниетімді арнадым.

Мақсат Арапұлы Қазанғапов,

Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.