Қоғамды кеңесте Қордайдағы өзекті мәселелер талқыланды

394

6 маусым күні Қордай аудандық қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы Қарасу ауылдық округіне қарасты Өтеген ауылдық клубында өтті. Аудан өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, оның шешу жолдарын қарастыратын кеңестің осы жолғы отырысына облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы О.Есіркепов, кеңес мүшелері мен аудандық ардагерлер ұйымы мүшелері, ауыл имамдары қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе талқыға түсті. Бірінші болып әскерге шақыру маусымы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Ю.Серіков баяндама жасаса, екінші сұрақ – аудан имамдарының ұлтаралық достық, татулық мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстары турасында болып, ол сұрақ бойынша ауданның бас имамы Дәурен Құттықбаев баяндама жасады.
Қос мәселе бойынша туындаған сұрақтарға сол жерде нақты жауаптар беріліп, сонымен қатар кеңес мүшелері тарапынан жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиын соңында өңірімізде ұлтаралық келісім мен достық мәселесіне айрықша үлес қосқан қоғамдық келісім кеңесі және ардагерлер кеңесі мүшелеріне облыстық ардагерлер ұйымы тарапынан грамоталар беріліп, сыйлықтар ұсынылды. Олардың ішінде Қордай ауданының Құрметті азаматы Тұрсын Қалығұловқа Жамбыл облысының «Құрметті ардагері» атағы беріліп, куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.
Ал, кеңесте талқыланған қос сұрақ бойынша қаулы жобалары қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.