Тікелей эфирде теологпен тілдесті

241

Әлем елдерін үрейде ұстап отырған короновирустық инфекция, өкінішке орай, Қазақстанды да айналып өтпеді. Осыған орай, қауіпті дерттен азаматтарды барынша сақтау үшін республикамызда карантин енгізілді. Сақтық шаралары күшейтіліп, адамдардың өзара қарым-қатынастары барынша тыйылды.
Түзеу мекемелерінде де карантин талаптарын сақтау мақсатында кездесулерге шектеу қойылып, жазасын өтеушілер мен туыстарының арасындағы байланыс тоқтатылды. Дегенмен, аталған мекемелерде сотталғандардың қоғамнан алшақтамауы үшін туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, хат-хабар алмасуына жағдай жасалуда. Сол секілді, жазасын өтеушілердің дін өкілдерімен «Skype» арқылы тілдесіп, көкейлеріндегі сауалдарына нақты да толық жауап алуларына мүмкіндік беріліп келеді.
Осындай бейнебайланыс сеанстарының бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде өткізілді. «Ислам құндылықтары» тақырыбында өткен сұхбат барысында сотталғандар облыс әкімдігі дін істері басқармасының теолог маманы Жарас Қуатпен онлайн режимде тілдесті. Мекеме САТӘПЖ бөлімінің теологиялық жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет лейтенанты Жарас Жақсыбеков ұйымдастырған дін өкілімен бейнетілдесу барысында жазасын өтеушілер түрлі тақырыптарда толғандыратын сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын ала алды.

Жарас Жақсыбеков,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі САТӘПЖ бөлімінің теологиялық жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.