«Киелі табиғат»

245

Өткен сенбі күні облыс көлемінде  «Таза парктер» экологиялық акциясы бір уақытта басталды. Акцияның мақсаты Тараз қаласы мен аудандарды қоқыстардан тазарту арқылы өскелең ұрпақты экологиялық мәдениет пен тазалыққа баулу.

2021 жылдың 15 мамыры күні  Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелер басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облысымыздың еріктілері,белсенді жастары бірлесе отырып « Таза парктер» экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік жұмыстары өткізілді.

Таза қаланың тынысы кең. Ал өңріміздің қай кез болсын мұнтаздай болып тұруы, әлбетте, тазалықшылардың зор еңбегі екені анық. Дегенмен дәстүрге айналған тазалық жұммыстары облысымыздың көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Жастар арасында осы сынды сенбіліктер жиі ұйымдастырылады.

Сенбілік барысында  Д.Қонаев көшесі мен Әл-Фараби көшелері қоқыстар тазартылып, көше бойындағы қураған ағашар кесілді. Волонтер жастар да абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар аудандық орталықтар да өз аудандарында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбіліктің басты мақсаты қаламызды көгалдандыру, қоқыстардан тазарту, сонымен қатар қала тұрғындарына және жастарға үлгі көрсету.

Акция аясында жастарды еңбекке,тазалыққа баулу және аудандарды абаттандыру мақсатында «Жасыл ел» және «Жас ұлан» ұйымы белсенділерінің қатысуымен орталық саябақтарда сонымен қатар киелі жерлерде тазалық жұмыстары жүргізілді.Ааталған шараға белсенді жастар, колледж студенттері мен волонтерлар қатысып Шу аудандық Жеңіс паркінің аумағын сыпырып, шөптерін тазатып, тал-дарақтарға су құйды. Қордай ауданы бойынша «Өтеген батыр» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Байзақ ауданы бойынша ескерткіштін айналасындағы қоқыстарды жинап тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс барысында 900 м² аумақ тазартылып, 1 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Өзге де аудандарда осы сынды тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Сенбілік өткізу дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Сенбілік жұмыстарына қатысқан әрбір жас өзінің айналасындағы жастарға үлгі болуы тиіс. Мұндай жұмыстар жастарды тәрбие мен тәртіпке баулиды Сөзден іске көшкен жөн. Бұл орайда әр қатысушының еңбегі арқылы сенбіліктер, облысымыздың мемлекетіміздің гүлденуіне зор үлес қосады. Адамның ұзақ та берекелі өмір сүруі үшін ойы зерек, қолы шебер болуы тиіс. Еңбектің адам санасы мен тәніне пайдасын ғылыми зерттеулер де дәлелдейді. Бұл өсиетті балаларға ұйытқан абзал»-дейді Айбек Қанатұлы.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен жастар  сенбілікті қарқынды түрде жалғастырып келеді. Алдағы уақытта облысымыздың киелі жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.