Халыққа кеңес беру алаңыны өткізілді

180

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Халыққа кеңес беру алаңы»  жұмыс жасауда.

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастарды және қала тұрғындарын  түрлі сала бойынша ақпараттандыру мақсатында «Халыққа кңес беру алаңы» жобасы іске асырылуда. Кеңес беру алаңында жастар мен жергілікті тұрғындар өздерін мазалаған сұраққа жауап ала алды. Кеңес алуға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту, мемлекеттік кірістер, жер қатынастары мамандарына жүгінеді.

2021 жылдың 14 мамыр күні «Тараз мамандандырылған колледж» студенттеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру алаңы өткізілді. Аталған шараға облыс әкімдігінің білім басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, Жамбыл облыстық «Jas Otan» жастар қанаты, Тараз қалаы әкімінің «Халықты жұмысаен қамту орталығы», «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мамандары жастарға жұмысқа орналасудың жолы мен тәртібі бойынша және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес берді.

Биылғы жылы 14 кеңес беру алаңы өткізілді. Шара барысында мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді.

«Жастарға кеңес беру алаңдары біздің облыстағы аудандарда да ұйымдастырылуда.  Осындай іс-шаралар ел азаматтарын барлық инновациялар туралы толығымен хабардар етуге мүмкіндік береді. Жобаның жастарға берері мол. Жастарды ақпараттандыру арқылы оларға дұрыс бағыт бағдар беру жобаның басты мақсаты. Жоба аясында тек жастарды ғана емес сонымен қатар қала және аудан тұрғындарын да ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кеңес беру шаралары онлайн түрде де жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта «Кеңес беру алаңы» жобасы тұрақты түрде өткізіліп тұрады»- дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Таутен.

Кеңес беру алаңы аудандық орталықтарда да қолға алынған. Аудандық жастар мен тұрғындарды да ақпараттандыру шалалары бойынша Байзақ ауданында жүзеге асырылған болатын. Аудандық кеңес беру алаңына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және

индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, еңбек инспекциясы, экономика және бюджеттік жоспарлау, дін істері, жер қатынастары басқармалары мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, мемлекеттік кірістер, облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Jas Otan» Жастар қанаты, кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры өкілдері шақырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.