Халықаралық балалар кітабы күні атап өтілді

288

Әр сәуір айының басында халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Осы күнге орайластырылып  Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітап – ғажайып әлем» атты сыйқырлы феериясын «MART» ойын-сауық орталығында өткізді.

Осы іс-шараның мақсаты —   оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінің  ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі   маңызын атап көрсету.

Қос кітапхана ұжымы Тараз қаласы жұртшылығы мен кітапхана оқырмандарына балалар әдебиетінің кітабынан   3-Д форматтағы жанды кітап көрмесін көрсетіп, шығармалардан блиц сұрақтар қойылып, ертегі желісі бойынша ойын ойнатты.

«Кітап – ғажайып әлем» атты сыйқырлы феерияда ерекше атмосфера сезіліп, балалар әндері естілді, концерттер ұйымдастырылды, жас оқырмандарға сыйлықтар үйлестіріліп,  кітаптың бетбелгісі  берілді.

Кітапхана ұжымы аталған іс-шараға қолдау көрсетіп, жоғарғы деңгейде өтілуіне септігін тигізген өнер орталықтары мен өнерпаздарға алғысын білдірді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.