Әуе шары өртеніп, 2 адам қаза болды (ВИДЕО)

187

Мексикада әуе шарынан өрт шығып, екі адам өрттің құрбаны болды деп хабарлады turkystan.kz taulik.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Мексиканың ежелгі Теотихуакан қаласында болған. Әуе шарымен жоғарыға үш адам көтерілген. Артынша шардан өрт шыққан.

Оқиға салдарынан 50 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйел қайтыс болды. Кәмелетке толмаған бала жанып жатқан шардан құлап үлгерген. Ол желіде тараған бейнежазбадан анық  көрінеді. Жасөспірімнің денесін күйік шалып, дене жарақаттарын алған.

https://turkystan.kz/article/218711-eue-shary-ortenip-2-adam-kaza-boldy-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.