Қазір елімізде қанша мұнай қоры бар?

125

Қазір Қазақстандағы расталған мұнай қоры – 113,2 млрд баррель

Қазір Қазақстан ресурстық базаны ұлғайту, жаңа мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша алға елеулі міндет қойып отыр. Біздегі расталған мұнай қоры – 113,2 млрд баррель (15,5 млрд тонна), газ – 3,7 трлн текше метр, сондай-ақ шартты отынның ресурстық әлеуеті (барланбаған) – шамамен 76 млрд тонна, – деді Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Астанадағы «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде.

Оның айтуынша, бұл үшін жер қойнауын пайдалану саласында реформалар жүргізілді, атап айтқанда, реттеушілік және салықтық преференциялардың ауқымды пакетін көздейтін жаңа механизм – жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілді.

 

https://turkystan.kz/article/234064-azir-elimizde-ansha-m-nay-ory-bar

Leave A Reply

Your email address will not be published.