Жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады

74

Елімізде жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмесін жинауға және өңдеуге тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл мәселеге қатысты заңның жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжілісте ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң жобасын қарау кезінде депутат Қарақат Әбден өңірлер мен ауылдарда  интернетке қатысты проблемалар бар екеніне назар аударды. Егер қағаз көшірмеге тыйым салынса, онда бұл мәселе қалай реттелетіні туралы сұрақ қойды.

Интернет жоқ болса, арнайы ерекшеліктер қарастырылады. Бірақ, біздің ойымызша, жеке куәліктердің көшірмелерін жинау міндетті емес, өйткені құжаттан қажетті деректерді көшірмелерсіз қайта жазуға болады, – деп жауап берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Мәлік Олжабеков.

 

https://turkystan.kz/article/234066-zheke-ku-likti-a-az-k-shirmesin-zhinau-a-tyyym-salynady

Leave A Reply

Your email address will not be published.