ҚАЖ саласында қызмет ететін қаржы қызметкерлерін құттықтады

169

1993 жылдан бері 15 қараша төл валютамыз – теңге күні деп белгіленген. Мемлекет тарихындағы атаулы мерекемен қатар бұл күні барлық қаржы саласының қызметкерлері де кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл Елбасының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін еместігін аңғартса керек.

Аталмыш мереке Жамбыл жерінде де кеңінен тойлануда. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде де бұл күн назардан тыс қалмай, қаржы саласының қызметкерлерін құттықтаудан басталды.

Атап айтқанда мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасры, әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбеков мекеменің Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерін атаулы күнмен арнайы құттықтады.

– Қылмыстық-атқару жүйесіндегі толағай табысқа бастайтын ілкімді істерді жүзеге асы­руға қомақты үлесті Сіздер – ЖД-158/2 мекемесі Қар­жымен қамтамасыз ету бөлімінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қыз­меткерлері қосып келесіздер.

Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжі­рибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басым­дық­ты, шынайылықты қажет етеді.

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде, біздің мекеменің жұмысында шашау шықпай, әр теңге өзінің мақсатты бағытында жұмсалуда. Нәтижесінде облысымыздағы ҚАЖ саласының қызметі қазіргі жоғары деңгейінде қалыптасты.

Мерейлі мереке күні осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне атсалысқан қаржы ісінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін, – деді Бақытжан Тынышбайұлы.

Мөлдір Таубалдиева

Өз кезегінде мекеменің Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Мөлдір Таубалдиева мекеме басшылығына кәсіби мереке күні бөлінген көңіл мен жеткізілген ыстық ықылас үшін алғысын айттты. Сондай-ақ, ары қарай да табысты да жемісті еңбек етуге жігер беріп, жалынды лебізімен жылу сыйлаған Б. Қасымбековке ақжарма тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.